Балаларды ұрып-соғуға заңмен тыйым салынды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ата-аналарға балаларын тәрбиелеу кезінде ұруға тыйым салатын заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы Lex.uz сайтындағы ресми құжатта көрсетілген. 

Заң 2025 жылдың 15 мамырында күшіне енеді.

Құжатта не делінген?

"Балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау туралы" заң кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау шарттарын белгілейді. Атап айтқанда, онда "балаларды тәрбиелеу тәсілі балаларды немқұрайлылықтан, қатыгездіктен, азаптаудан, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынастан, зорлық-зомбылықтан таза болуы керек", - делінген заңнама құжатында.

Сондай-ақ құжат мектепте де физикалық ауырлық көрсету мен зорлық-зомбылықтың басқа түрлеріне тыйым салады.

Зорлық-зомбылық түрлеріне не жатады?

  • физикалық;
  • психологиялық;
  • жыныстық;
  • қамқорлық көрсетпеу;
  • қанау, қорқыту.

Бұл жағдайда зардап шеккен бала уәкілетті органдарға немесе сотқа хабарласып, арнайы орталықтарда немесе сенім телефоны арқылы тегін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және медициналық көмек алуға құқылы.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда "инфосығандар" мен жеңіл ақша табудың жолын үйрететін бизнес-коучтардың жұмысына тыйым салынған болатын

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!