Астана мектептерінің бірінде болған оқиғадан кейін мұғалім жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода ер адам оқушыларға дөрекілік танытқаны көрінеді. Ол балаларды ұрып, балағат сөздер айтып, дауыс көтергені байқалады.
Астананың Білім басқармасы мәліметінше, қызметтік тексеріс нәтижесінде оқушыға күш қолдану дерегі анықталған.
"Педагог Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасы негізінде қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, басқарма өкілдері мектеп басшылығы жауапқа тартылғанын айтты. Директор мен оның орынбасарларына жеке жауапкершілік жүктеліп, оларға ресми тәртіптік жаза қолданылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова