- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балаларды автобустан мәжбүрлі...
Балаларды автобустан мәжбүрлі түрде түсіріп кеткен жүргізушілер жазаланбақ
Қазақстандық жүргізушілер 16 жасқа толмаған балаларды автобустан шығарып жіберсе, айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілісте әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату бөлігінде заңнамаға түзетулер енгізетін заң жобалары таныстырылды.
Депутат Жұлдыз Сүлейменованың мәліметінше, заң жобалары балаларға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізеді. Мысалы:
- кәмелетке толмағандарды қорлағаны немесе қорқытқаны үшін ескерту немесе 10-нан 30 АЕК-ке дейінгі айыппұл (2024 жылы 36,9 мыңнан 110,7 мың теңгеге дейін);
- жанында ата-анасы немесе заңды өкілі жоқ 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланы автобустан немесе басқа да қоғамдық жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіргені үшін - 5 АЕК (18,4 мың теңге);
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін-ата-аналарға немесе баланың басқа да заңды өкілдеріне айыппұл 10 АЕК (36,2 мың теңге).
Заң жобасы балаларға тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізеді: 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу. Сонымен қатар, құжатта кәмелетке толмағандарды заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ұрлағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек