Балаларды алдап үйге кіріп алған әйелдің видеосы Желі қолданушыларын шошытты

Балаларды алдап үйге кіріп алған әйелдің видеосы Желі қолданушыларын шошытты
Фото: Кадрдан алынған

Видео иесі үйінде жүрген бейтаныс әйелді бейнеге түсіріп алған. Әйелдің сөзінше ол балаларды үйге әкеліп тастаған, – деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Бейнежазбада ер адам өз үйінен бейтаныс әйелді қуып шықпақ болады. Әйел болса не істеп жүрсің деген сұраққа видео авторының қызын әкеліп тастағанын айтады. Артынан балаға ие болмадың деп кінә артады. Ал автор қызының сабаққа өзі барып, өзі келіп жүргенін айтады. 

Видео авторы оқырмандардан сақ болуын сұраған.

@salambro636

♬ оригинальный звук - Salam Bro Kak ti

Оқырмандары "Ақыл-есі дұрыс па?", "Полиция шақырту керек еді", "Сақ болыңдаршы, неше түрлі адам бар" сынды пікірлер қалдырып, баланың амандығына алаңдаған.

Т. Есқали