Бокс бапкері Мұхит Амантаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында өзінің көпшілік арасында қызу талқыға түскен сөзіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Эмоциямды жасыра алмайтын адаммын. Жаттығу кезінде, тәрбие кезінде ашумен кейде біраз артық сөз шығып кетеді. Менің бапкер болғаныма бес жыл болды, бұл әңгіменің айтылып келе жатқанына да сол бес болды. Қазақ балалары тым құрыса залдың ішінде бір-бірімен қазақша сөйлессе екен деген ниет-тілек. Әйтпесе балаларға жаман әдет үйретіп жатқан жоқпын", - дейді ол.
Бапкер бұл айтқаны қателік болғанын мойындап, ол үшін кешірім сұрады.
"Әрине, мұным дұрыс болған жоқ. Ол үшін кешірім де сұраймын. Бірақ камераға қарап емес. Мен балалардан күнделікті кешірім сұраймын. Жетістікке жетсе, қуанышына ортақтасамын. Жеңіліп, жыла қалып жатса, құшақтап, бетінен сүйемін, "мойыма" деп жігерлендіремін", - дейді Амантаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз