Гастриттің алдын алу және оның балаларға әсері туралы i-balaqai жобасында гастроэнтеролог дәрігер, эндокринолог Ирина Досманова айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
i-balaqai жобасының ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
Жаңа шығарылымды бүгін, 8 қазан сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан көріңіздер. Жоба қонағы "Балалардағы гастрит: қалай емдеу керек және қалай тамақтандыру керек?" тақырыбында ойын айтады.
Ирина Досманова - гастроэнтерология және эндокринология бойынша мамандандырылған 20 жылдық тәжірибесі бар терапевт дәрігер.
Жүргізуші - журналист, телерадио жүргізушісі Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.