Балалар ораза ұстауы керек пе? Министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалар неше жастан бастап ораза ұстау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жалпы бала тез өседі. Ол энергиясын тез жұмсайды. Себебі, балада зат алмасу процесі жоғары. Сондықтан ол осы энергияны уақытында толтыруы керек. Мұны әрбір ата-ана түсінуі шарт.

Баланың уақытында және сапалы тамақтануы оның болашақта денсаулығына және адам ретінде дамуы өте маңызды", - деді Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында.

Министрдің пікірінше, балалар 17 жастан бастап ораза ұстағаны дұрыс.

"Менің ойымша, мұнда баланың жасына байланысты. Әрбір ата-ана баласына (ораза ұстауға) рұқсат етсе, бұл – оның шешімі. Мен белгілі бір жасқа дейін бала дұрыс тамақтануы керек деп ойлаймын.Менің ойымша, 16-17 жаста (ораза ұстауы керек)", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!