Дәрігер жасөспірім баланың фаст-фуд тұтынуы ауыр салдарға алып келетінін ескертіп, ата-анаға балаларының не жейтінін мұқият бақылауға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
"Бізге гемоглобині өте төмен, темір тапшылығы анемиясы бар балалар келеді. Балалардың анемиямен ауыруы бірінші рет кездесіп тұрған жоқ. Бұл асқазан-ішек жолдарының гастрит, холецистит, дуоденит сияқты кейбір ауруларымен бірге жүреді.
Біз олардан қалай тамақтанатынын сұрасақ, жауабына қарап тек фаст-фуд жейтінін түсінеміз. Ақыры оларда анемия, темір тапшылығы дамиды", - деді Алматы қаласының бас штаттан тыс балалар гематологы, №2 БҚКА гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева.
Нәрестелерде дұрыс тамақтанбау салдарынан темір тапшылығы анемиясы дамиды.
"Олар қосымша тамақтан қажетті қоректі затты уақытылы ала алмайды. Кейбір жас аналар балаларына дайын сүт өнімдерін, йогурт беруді жөн көреді. Бірақ бұл үйде дайындалған тағамның орнын баса алмайтынын ұмытпау қажет.
Тамақтанудың теңдестірілген құрамы жануар мен өсімдіктерден алынатын өнімдерден тұруы керек. Ағзасы енді дамып келе жатқан баланың, әсіресе белсенді дамудың ерте кезеңінде дәрумен мен микроэлементтердің тепе-теңдігін сақтау керек", - деді Ұлжалғас Өскенбаев.
Балалар дәрігері нәрестелерді қосымша тамақтандыруға және 6 айдан кешіктірмей жеуге үйретуге кеңес берді. Сонымен қатар, Ұлжалғас Өскенбаева бұл жастағы балаларға өсімдік және ақуыз тағамдары, дәнді дақылдар қажет екенін еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін бала ағзасына темір жетіспесе, не істеу керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қолтықтан шығатын иістен қалай құтылуға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз