"Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санатындағы алматылық мектеп оқушылары балалар лагеріне тегін жолдамалар алды, бірақ сауна ғимаратына орналастырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы мектеп оқушыларының бірінің туысы Инка Рокеровна Facebook-парақшасында бөлісті. Оқиға Алматы облысы Ұзынағаш ауылында болған. Мұнда жазғы демалысты демалыс орнында өткізу үшін Алматыдан ондаған бала әкелінген. Алайда мектеп оқушылары жайлы жағдайдың орнына тар, желдетілмейтін бөлмелерге орналасқан. Сонымен қатар, лагерь сауна ішінде орналасқан, сыртында өзге ер адамдар жүрген.
"Арман дала" лагерінде жағдай осындай. Мұны қалай түсінуге болады? Балаларды лагерьге жіберсе, оларды лагерьге жетпей кафе мен саунаға орналастырған. 100 адам желдетілмейтін бөлмеде жатады. Балалар еденде ұйықтайды, ұлдар да, қыздар да бір бөлмеде топтасып жатады. Бұл қашаннан бері қалыпты жағдайға айналды? Мен қазір, шынымды айтсам, шошып кеттім, олардың қайда, не жейтінін әлі білмейміз.
Жағдай түрмедегіден де нашар. Бұл өте қорқынышты. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларымызды жолдама арқылы демалысқа жіберді. Негізі, олар "Алтын дала" лагерінде болуы керек еді. Барлық ұялы телефонды алып алған, ата-аналар балалармен байланыса алмады. Ішіне кіріп алған ата-анаға алғыс айтамын", - деп жазды мектеп оқушыларының бірінің туысы Инка Рокеровна Facebook-парақшасында.
Алматы қалалық Білім басқармасы өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Департамент қызметкерлері ата-аналарының арызы бойынша "Арман" саяжайына шұғыл аттанды. Аталған ұйыммен келісімшартты бұзу мәселесі қаралады.
Қазіргі уақытта балаларды үйлеріне қайтарып жатыр, жақын арада мектеп оқушыларына қатысты бекітілген ережелерді қатаң сақтай отырып, балалар лагерьлерге жіберіледі", - деді ведомство өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!