Қазнетте тегін балмұздаққа таласқан балалар мен ата-аналардың видеосы тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары олардың бұл қылығына ашуланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше Халықаралық балаларды қорғау күнінде біраз жерде тегін балмұздақ таратып, ұйымдастырушылар балаларды қуантты.
Алайда Instagram парақшалардың бірінде тегін балмұздаққа таласқан балалар мен ата-аналардың видеосы пайда болды. Ол Алматыдағы демалыс орындардың бірінде болған.
Видеодан бір емес, бірнеше балмұздақтан алып алған адамдарды көруге болады. Олардың бұл әрекеттері желі қолданушыларын ашуландырды.
"Ата-ана не істесе, бала да соны істейді", "Неге кезекке тұрмайды? Одан да балалар үйіне апару керек еді", "Тіпті, Африкада адамдар таза су алу үшін кезекке тұрады", "Неге өздерін өмірінде балмұздақ жемегендей ұстайды", "Ұятын-ай" деп жазды Желі қолданушылары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!