- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балалар газдалған сусыннан...
Балалар газдалған сусыннан уланып жатқаны рас па?
WhatsApp-та "Тархун" сусынын ішіп, уланған баланың қайтыс болғаны және басқа балалардың газдалған сусындардан қатты уланып қалғаны туралы фейк ақпарат тағы да тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.
Хабарламада "Тархун" және "Ситро" газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар, M&M’S дражесі, Milky way шоколады, Дюшес және Барбарис кәмпиттері және басқа да бірқатар тағам қауіпті деп танылғаны айтылған.
ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ, Қазақстанда газдалған сусыннан қатты улану жағдайлары тіркелмегенін хабарлады.
"ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова