“Балалар бір төсекте екі адамнан немесе еденде ұйықтаған“: депутат лагерьлерді тексеруді сұрады

“Балалар бір төсекте екі адамнан немесе еденде ұйықтаған“: депутат лагерьлерді тексеруді сұрады
Фото: depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев жыл сайын жаз мезгілінде балалар лагерьлерінде туындайтын мәселелерді көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттың пікірінше, бұл салада қордаланған мәселе аз емес.

"Кейінгі жылдардағы бірқатар даулы жағдайға тоқталсақ. Алматы қаласындағы "Арман дала" лагеріндегі аумақта сауна, мейрамхана, компьютерлік клуб жұмыс істеген. Балалар еденде ұйықтауға мәжбүр болып, ұлдар мен қыздар бір бөлмеге орналастырылған.  Маңғыстау облысындағы "Айналайын" лагерінде орын тапшылығы салдарынан балалар екі адамнан бір төсекте немесе еденде ұйықтаған. Қауіпсіздік нормалары өрескел бұзылған. Түркістан облысындағы "Арман" лагерінен 400 бала ата-аналардың жаппай наразылығына байланысты мерзімінен бұрын эвакуацияланған. Шымкент қаласындағы "Үш бұлақ" лагерінде белгіленген сыйымдылық нормасы асыра орындалған. Мұндай жағдайлар жиі қайталануы бұл салада жүйелі мәселе барын көрсетеді", - деді ол.

Темір Қырықбаев Үкіметтен осы мәселелерге байланысты жауап беруді сұрады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget