Балалар бар пәтерді өртеп жіберген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Балалар бар пәтерді өртеп жіберген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Коллаж: Видео кадры, depositphotos.com

Атырау облысында бұрынғы сүйіктісінің пәтерін өртеп жіберген ер адамға үкім шықты. Өрт салдарынан екі кішкентай бала оқиға орнында, ал бір әйел кейін ауруханада көз жұмды. Сот сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс материалдарынан сотталушы бұрынғы некеден екі баласы бар әйелмен кездескені белгілі болды. Бір сәтте әйел үнемі келіспеушіліктерге байланысты онымен қарым-қатынасты үзуді шешкен. 

Сотталушы оның шешімімен келіспеді, ол өзінің бұрынғы сүйіктісін аңдып, оның пәтеріне терезе арқылы кіріп, оған қайтып қосылмаса, күш көрсетем деп қорқытқан.

Тағы да бір кезде терезе арқылы пәтерге кіріп, бұрынғы сүйіктісіне пышақ тақап, оны өлтіретінін айтқан. Әйел оны донер жегім келіп тұр деген желеумен, жігітін пәтерден шығарып жіберген. Ол кеткеннен кейін әйел танысына телефон соғып, көмекке шақырды.

Пәтерде бейтаныс адамның болғанын көрген сотталушы ашуланып, бес литрлік бензин сатып алып, қайтадан терезе арқылы пәтерге кіріп, өртеген.

Өрт кесірінен ауыр күйік алған әйел балаларға жетіп, құтқара алмаған. Оның досы терезені сындырып, жәбірленушімен бірге көшеге секірген.

Пәтердегі өрт салдарынан жәбірленушінің 10 жастағы ұлы мен 7 жасар қызы ауруханада денесінің 90 пайызын күйік шалып, қайтыс болды. Оның досы аман қалды.

Сот залында сотталушы қылмыс жасаған кездегі шок жағдайында болғанын айтып, ақтауды сұрады. Алайда сараптама аффект жай-күйін анықтаған жоқ, ал ер адам психикалық сау деп танылды.

Сот істің барлық материалдарын және талқылау барысында ұсынылған дәлелдемелерді қарап, сотталушыны "өртеу", "ірі залал келтіру", "басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін тәсілмен ерекше қатыгездікпен үш адамды қасақана өлтіру" және "кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 25 сәуірде Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйде болған. Өртті сөндірген өртсөндірушілер пәтерден екі баланың мәйітін тапты. Жантүршігерлік қылмысқа күдікті сол күні бейнебақылау камераларының арқасында ұсталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек