Қазір Алматыда ауа ластануы белең алып тұрған мәселе. Бұл туралы экобелсенділер көптен бері айтып, дабыл қағып жүр. Әлем бойынша инсульт, өкпе қатерлі ісігі және жүрек ауруынан болатын өлім-жітімнің 3\1 ауаның ластануынан болады. Massaget.kz тілшісі интегративті дәрігер-онколог Бота Қуановадан лас ауа денсаулыққа қалай әсер ететінін, оның кесірінен қандай ауруға шалдығу ықтималдығы артатынын, сақтану үшін қандай шара қолдану керегін сұрап көрді.
Алматыдағы лас ауаның құрамында көптеген улы зат бар. Бұл улы заттың көзі зауыт, фабрика түтіні, көлік газы, өнеркәсіптік кәсіпорындар шығаратын қалдық және тағы басқа. Бұл токсиндер тізімі:
Адамдар лас ауаның кесірінен қандай ауруға шалдығуы мүмкін?
Маманның айтуынша, ДДСҰ тұжырымы бойынша адамның ағзасына дизельден бөлінетін улы қатты заттың басқа химикаттарға қарағанда тигізетін зияны көбірек.
"Дизельден бөлінетін улы зат адамды өкпе онкологиясы, жүрек ұстамасы, инсульт, бүйрек және қуық онкологиясына шалдықтырады. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сәйкес бұл улы зат орталық жүйке жүйесін ерте тоздырып, бас мидың альцгеймер сияқты дегенеративті ауруларына әкеледі. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалар арасында ұйқының бұзылуын тудырады", - дейді дәрігер.
Азот диоксиді тоқ ішек қатерлі ісігі әкеп соғатын адам өлімімен тығыз байланысты. Дәрігер, азот диоксиді созылмалы обструктивті өкпе ауруын тудыратынын, оған қоса азот диоксиді мен дизель отынынан бөлінетін қатты зат бірігіп балалар арасында белең алып келе жатқан аутизммен байланысы бар екенін атап өтті.
"Күкірт диоксиді мигрень, балалар астмасын тудыратыны анықталған. Озон мен толуин альцгеймер сияқты нейродегенеративті аурудың пайда болуына әкеледі. Ал полициклді хош иісті бикарбонаттар өңеш қатерлі ісігіне(қылтамақ) шалдықтырады", - деді маман.
Темекі түтіні мен көлік газынан бөлінетін нитрозаминдер сүт безі обырын, асқазан онкологиясын тудырып, ДНҚ-ны бұзады.
Бота Қуанованың сөзінше, ауаның ластануы адам ағзасында көптеген қабыну процесін жүзеге асырып, балалар лейкозын, диабет, аллергиялық ринит, аутоиммунды ауруларды тудырып, ойлау қабілетінің төмендеуіне себеп болады, остеопороз, сүйектің сыну қаупін арттырады.
Сондай-ақ бұл тізімде:
"Жүздеген ғылыми зерттеу нәтижесі ауа токсиндерінің ағзамызға ментальды және физикалық зақым тигізіп жатқанына дәлел. Ауыр метал мен улы химиялық қоспалар жердің бетіне жақын шөгетіндіктен әсіресе балаларымыз "улы коктеиль" ортада өсіп жатыр. Бұл сөзімнің дәлелі ретінде балалар арасында артып келе жатқан аллергия, аутизм, онкология сияқты денсаулық мәселелері айдан анық", - деп қосты Бота Қуанова.
Мұндай ауруларға шалдығудан сақтану үшін қандай шара қолдану керек?
Онколог әлемді өзгерту үшін әркім алдымен өзінен бастау керек деген қағидамен өмір сүру дұрыс екенін айтып, бірқатар кеңес берді.
"Қазір бас басымызда жеке көлік бар, жаяу жүру немесе вело-самокатпен жүру артта қалды. Тал егу, қоқысты сұрыптап, өртемей басқа экотиімді жолдарын табу керек. Зауыт пен фабрикаларды қаладан алысырақ тұрғызып, олардың мұржаларына фильтрлер орнату керек. Бензин секілді жанар-жағармайдың бағасын көтеріп, қолданысын азайтуға тырысу қажет. Осы сияқты мәселелерді көтеру керек щығар деп ойлаймын", - деп өз ойымен бөлісті онколог.
Сонымен қатар, маман мегаполисте үлкен көшенің бойында тұратын адамдар ауруға шалдығу ықтималдылығын азайту үшін істеуі керек кеңестермен бөлісті.
Бота Қуанова ұсынған алдын алу шаралары:
Үйдің сыртындағы экологияны өзгерте алмасақ та, үйдің ішіндегі экологияны жасылдандыру, тазалау, су және ауа фильтрлерін орнату - дәрігер
Онкологтың мәліметінше, еліміздің онкология статистикасына үңілсек ер адамдар арасында алғашқы орында тұрған өкпе қатерлі ісігі де, әйелдердің онкологиясы бойынша бірінші орында тұрған сүт безінің обыры да күнделікті тыныс алып жүрген ауаның құрамындағы химиялық қоспамен тығыз байланысты екені дәлелденген.
Айта кетейік, бұған дейін вейп шегу жасөспірімдер ағзасына қалай әсер етіп жатқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сәрсенбі күні қандай адамдар дүниеге келеді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!