Балалар ауруханасына хакерлік шабуыл жасап, 350 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері 350 миллион теңге ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр Жамбыл облыстық балалар ауруханасына хакерлік шабуыл жасалып, соның салдарынан есепшотынан 350 миллион теңге ұрланған болатын.

Бұл оқиғаға байланысты полицейлер соталды тергеу амалдарын бастады.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен бұрын сотталған 33 жастағы ер адам ұсталды.

"Ұрланған 305 миллион теңге қаражат аурухана шоттарына қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық істің материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!