Балаға шабуылдаған иттердің иесі айыппұлмен құтылды

Өзбекстанда спорт секциясынан қайтып келе жатқан балаға екі ит шабуыл жасады. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Иттер балаға шабуыл жасап, оны жермен сүйрей бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Самарқанд облысы ішкі істер департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 8 шілдеде Самарқанд қаласында болған. Мектеп оқушысы үйіне бара жатқанда, оған кенет екі ит шабуыл жасаған. Бірі оның қолынан, бірі аяғынан тістеп алмақ болған. Сол кезде жақын жерден такси өтіп бара жатқан, оның жүргізушісі көліктен секіріп түсіп, баланы аман алып қалған.

Тексеру кезінде иттердің шабуыл жасалған жерге жақын орналасқан көлік жөндеу шеберханасының аумағында болғаны анықталды. Арнайы қызмет өкілдері тез арада оқиға орнына барып, жануарларды ұстады. Қазір баланың жағдайы жақсы.

Құқық қорғау органдары иттің иесін тапты. Оған қатысты Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 110-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!