• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталған сәттің видеосы жарияланды

Балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталған сәттің видеосы жарияланды
Фото: Астана ПД

Астана Полиция департаменті тұрғын үйлердің бірінің лифтінде балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім ұсталған сәтті көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті ретінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Ол заңды өкілімен бірге дереу полицияға жеткізілді", - деді ПД өкілі.

Ведомство мәліметінше, тергеу аяқталған соң оны оқшаулау бойынша шаралар қабылданбақ.

"Оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажет көмекті көрсетіп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.

Еске салайық, бұған дейін Астанада жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасағаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget