- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балаға мектепке оралуға...
Балаға мектепке оралуға қалай көмектесеміз? 6 кеңес
Оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Бала мектепке күйзеліссіз бару үшін оған қалай көмектесе аламыз? Бірнеше пайдалы кеңес ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жазғы ұзақ демалыстан соң оқу режиміне қалай біртіндеп көшуге болады?
Жаздың қорытындысын жасаңыз
Жағымды сәттерді және қызықты саяхатты еске алыңыз. Жазда түскен ең керемет суреттерді шығарып, олардан коллаж жасап, қабырғаға іліп қойыңыз. Шығаратын суреттерді баламен бірге отырып таңдаңыз. Бұл жазбен қоштасуға және жаңа оқу жылына дайындалуға көмектеседі.
Жаңа оқу жылында істейтін жағымды дүниелерді жоспарлаңыз
Баладан күздің алғашқы күні қайда барғысы келетінін сұраңыз. Қандай қызықты жобамен айналысқысы келеді? Қандай қосымша үйірмеге барғысы келеді?
Оқу режиміне алдын ала дайындалыңыз
Бірден сабаққа ерте тұру қиын болады. Сондықтан баланы ертерек жатқызып, ерте оятып, біртіндеп үйрете беріңіз.
Өткен сабақты қайталаңыз
Өткен сабақты және тақырыптарды үстел ойындары арқылы қайталаңыз. Кей ойындар дұрыс жазуды еске түсіреді. Сондай-ақ есеп шығару арқылы ойнауға болады.
Мектеп құралдарын жаңартыңыз
Әр затты баланың өзіне таңдауға мүмкіндік беріңіз. Бұл оның сабақ оқуға, мектепке баруға деген мотивациясын арттырады.
Жүктемені біртіндеп арттырыңыз
Ұзақ демалыстан соң балаға мектепке бейімделуге уақыт беру маңызды. Бастапқы 2-3 аптада қосымша сабақтарды көбейтпеңіз.
Оқи отырыңыз: Баланың 1-сыныпқа дайын екенін 15 минутта қалай білуге болады? (тест)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова