- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балаға МӘМС арқылы...
Балаға МӘМС арқылы брекет қоюға бола ма?
Медициналық сақтандыру қоры өкілдері қазақстандықтар жиі қоятын сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандықтар баласына МӘМС арқылы брекет қоя ала ма?
МӘМС пакеті арқылы брекет қойылмайды, өйткені тістерді тегістеу эстетикалық қызмет түрі саналады әрі ақылы түрде жүргізіледі.
"Алайда 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық стоматологиялық көмек медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі. Балаларға тісті жансыздандыру және жұлу, пломба салу, пульпит, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру, ерін және тіл қылтамыры пластикасы, жақ рентгенографиясы және анестезия бойынша қызметтер қолжетімді. Ал кішкентай пациенттерге ортодонтиялық қызметтер де қол жетімді, бірақ жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары болған кезде ғана қызмет көрсетіледі", - деп жазылған жауапта.
Жұмыстан шығып кетіп, 2-3 айдан кейін қайта орналасса, МӘМС-тегі статусы сақтала ма?
Еске салайық, бұған дейін МӘМС үшін жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерге бұрынғыдай, яғни жалақының 3 пайыз мөлшерінде ақша аударатыны хабарланды. Төлемнің шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 25 500 теңгеден аспайды. Жұмыс беруші бұл қаржыны өз қалтасынан төлейді. Ал жұмыскерлер жалақысынан 2 пайыз ұстап, қорға аударады. Жарнаның шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 17 000 теңгеден аспауға тиіс.
МӘМС арқылы ЭКО бағдарламасына қалай қатысуға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова