Педиатр Марьям Сайфулина баладағы күн тиюдің белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Riamo"-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, шөлдеу мен шаршау балаға күн тигенін білдіруі мүмкін. Сондай-ақ оны аяқ және іш бұлшыеттерінің тартылуы, ылғал суық тері көрсетуі мүмкін.
"Әсіресе, жағажайда балаға күн тиюі мүмкін. Ол құммен ұзақ уақыт ойнап отырса немесе ашық алаңдарда белсенді ойындар ойнаса, күн өтіп кетуі мүмкін", - дейді дәрігер.
Дәрігер балаға күн тисе, оның температурасы 39,4 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ тері ысып және қызарып кетуі, жүрек соғысы жиілеп кетуі мүмкін. Балалар әсіресе күн тиюге бейім келеді, сондықтан оларға қарапайым серуеннің өзінен күн өтіп кетуі мүмкін.
"Әсіресе, баланың ағзасы сусызданған болса немесе ол жылы киініп алған болса, бала желдетілмеген көлікте ұзақ отырып қалса және терезе жанында отырса, оған күн тиюі мүмкін", - дейді Марьям Сайфулина.
Ыстықтың адамдарға әсері: несімен қауіпті және одан қалай қорғанамыз?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!