- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балаларға гаджет беру
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Фото:
elements.envato.com
Балаларға гаджеттерді қай жастан бастап беруге болады? Бұл сұраққа психолог Гүлнар Әбдірайымова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, егер ата-ана белгілі бір ережелерді ұстанатын болса, гаджеттерді қауіпсіз пайдалануға болады:
- 2 жасқа дейін балаларға гаджеттер мүлдем берілмейді;
- 3 жастан 4 жасқа дейін - күніне жарты сағаттан артық емес;
- 5-6 жаста - күніне 1 сағат;
- 7-9 жаста - күніне 1,5 сағат;
- 10-13 жаста - күніне 2 сағатқа дейін;
- 14-16 жастан бастап - күніне 3 сағатқа дейін.
"Ата-аналар тарапынан тыйым салу кезінде тұрақтылық болуы керек. Есіңізде болсын: зиянды немесе пайдалы әдет 3-4 апта ішінде қалыптасады", - деді Гүлнар Әбдірайымова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә