Педиатр Әйгерім Батырбекқызы Instagram-парақшасында бала ағзасындағы магний жетіспеушілігін көрсететін маңызды белгілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әрбір адамның ағзасында 30 грам магний сақталады. Шамамен 60 пайызы - сүйекте, 40 пайызы - жасуша мен тіндерде, 1 пайызы қан сарысуында.
Дәрігердің айтуынша, дәл осы себеппен магнийдің мөлшерін қаннан анықтауға болады, шаш және тырнақтан арнайы медициналық талдау тапсыру арқылы анықталады. Сонымен қатар, ағзаға магнийдің жетіспейтінін келесі көріністер арқылы білуге болады:
- Тәттіге тәуелділік. Егер бала ағзасында магний жетіспесе, оның энергелтикалық ресурсы жылдам таусылады, ал тәттілер осы кезде қысқа мерзімге болса да, тез қуат береді;
- Бұлшықет тартылады және спазм. Гипомагниемия аясында нәрестелерде бұлшықет гипертониясы дамиды, бұл еріксіз жиырылуды, тиктерді, треморды тудырады;
- Ұйқы мәселесі. Баланың ұйықтауы қиын, бала денесін толық босаңсыта алмағандықтан, бір жерде ұзақ уақыт тқра алмай, қимылдап, айнала береді. Магний тапшылығы бар балалар жиі оянады, ұйқысы қысқа және сезімтал болады;
- Әлсіздік және шаршау. Дененің үнемі тырысып жүруі ішкі ресурстың сарқылуына әкеледі. Бұл жағдайда балаға қарапайым тұрмыстық тапсырма беру қиын. Ұйқыдан кейін де ол өзін әлсіз сезінеді, бұл оның көңіл-күйіне, мінез-құлқына және мектептегі үлгеріміне кері әсер етеді;
- Ашуланшақ, мазасыз болу. Магнийдің жетіспеушілігі жеңіл ашуланшақтық, мазасыздықтан бастап, қатты қорқыныш пен фобияның дамуына дейінгі әртүрлі неврологиялық көріністерді тудырады.
- Есте сақтау қабілетінің бұзылуы, зейіннің шоғырлануы, гиперактивтілік. Баланың бір затқа назар аударуы қиындайды, тыныш отырмайды, ұмытшақ болады, айналасындағы адамдарға кедергі келтіріп, оқуда қиындық туындайды;
- Іш қату. Іш қату ағзаға магний жетіспейтінінің айқын белгісі, өйткені бұл минерал баладағы функционалды іш қатудың пайда болуына әсер ететін фактордың бірі;
- Шаштың түсуі, тырнақ сынғыштығы, кариес. Егер ағзаға магний жетіспес, сүйек пен тіс толық қалыптаспайды, сонымен қатар ол ағзаға кальцийдің жақсы сіңуіне көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін магний жетіспеушілігінен туындайтын аурулар хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ұшқыш болу үшін қайда оқу керек? Ұшқыш болу үшін ҰБТ-да қанша балл жинау керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!