Педиатр Әйгерім Батырбекқызы Желідегі парақшасында сәбидің желке шашы неліктен тақыр болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, баланың желке шашы неліктен тақыр деп алаңдап, сұрақ қоятын ана саны көп. Дегенмен маман барлық анаға уайымдауға себеп жоқ екенін жеткізді. ⠀
Бала анасының құрсағында жатқанда даму кезеңінің 12-16 апталығында өте нәзік лануга (жатырлық шаш) дамиды. Кейінірек жатырлық шаш түсіп, орнына 28-30 аптада кәдімгі шаш өсе бастайды. Тіпті кейде жатырлық шаштың түсуі туу мерзіміне дейін жалғасады. Кей балаларда туылған соң алғашқы айларда шаш түсуі, желке шашы түсуі байқалады. Жатырлық шаш толық түсіп болған соң ғана қалыпты шаш өседі. ⠀
Педиатр желке шаш түсуінің тағы бір себебін түсіндірді.
"Сонымен қатар, желке шашы түсуінің тағы бір себебі - бала көбіне арқасымен жатып, жастыққа басы үйкеле бергендіктен, шаштың шығуы кешігеді. Бұл қорқынышты емес. Бала ары-бері аунап, бүйіріменде жата алатын жасқа жеткенде желке шашы өсіп кетеді", - деді ол.
Сонымен, желке шашы түсуінің 2 себебі бар:
"Екінші жағдайда бала арқасымен жатпау керек деген сөз емес, ең маңыздысы бала өзіне ыңғайлы қалыпта жатса болды! Шашы өсіп кетеді", - дейді маман.
Қайткенменде дәрігер аналарға ескерту жасады.
"Желкеде шаш шығатын аймақ тықырланып, жастық үнемі суланып, теріде жағымсыз иіс болса, бұл - рахит. Бұған басқа да белгілер қосылады", - деді Әйгерім Батырбекқызы.
Егер бала 1 жастан асып кетсе де, шашы өте сирек болып, тақырланса медициналық талдау тапсыру керек:
Айта кетейік, бұған дейін баланың неге сөйлемейтінін түсіндіріп, ата-аналар жиі жіберетін 5 қателік туралы хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Үйсіндердің тарихы, мекендеген жері қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз