- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Балабақшаға барғысы келмеген...
Балабақшаға барғысы келмеген бес жасар қызды әпкесі көшеде ұрып-тепкен
Фото:
видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде бейтаныс бойжеткеннің кішкентай қызды теуіп, ұрып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 14 тамыз күні таңғы уақытта болған. Бес жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетінен кейін ұрып-соққан.
Жасөспірімге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігі "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды", - деп хабарлады полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан