Балабақшада тәрбиеші екі баланы тәпішкемен ұрған

Балабақшада тәрбиеші екі баланы тәпішкемен ұрған
Фото: nuz.uz/видео кадры

Ташкент облысы Янгиюль ауданында "Оминахон" отбасылық балабақшасында тәрбиеші екі баланы аяқкиіммен ұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 шілдеде болған. Оны куәгер видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялады.

Видеоға қатысты Ташкент облысы МІІБ мен Мектепке дейінгі және білім беру министрлігі түсініктеме берді. Облыстық МІІБ мәліметінше, видеодағы 21 жастағы Х.А. есімді тәрбиеші 5-6 жастағы балаларға айғайлап, сабағына кедергі келтіргені үшін ұрғанын айтқан. Тәрбиеші және балабақша әкімшілігімен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Балаларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Мектепке дейінгі және  білім беру министрлігі Янгиюль облыстық басқармасының қызметкерлері жағдайды тез арада зерттегенін мәлімдеді. Тәрбиеші орынсыз мінез-құлық көрестіп, талаптарды орындамағаны үшін жұмыстан босатылып, балабақша меңгерушісіне ескерту жасалған.

Соңғы шешім тергеуге дейінгі тексеру және балаларға тағайындалған сараптама нәтижелері бойынша қабылданады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек