Балабақшада 2 мыңға жуық бала уланды: күдіктілер қамауға алынды

Балабақшада 2 мыңға жуық бала уланды: күдіктілер қамауға алынды
Фото: depositphotos.com

Ташкент облысындағы балабақшаларда астан уланған 2 мыңға жуық бүлдіршіннің 182-сі аураханаларда әлі ем алып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Өзбекстан Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитетінің бірінші орынбасары Нурмат Атабеков мәлім етті.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Ташкент облысындағы мемлекеттік балабақшаларда балалар астан уланып, 960-тан аса бүлдіршін ауруханаға жатқызылса, түрлі шағымдармен дәрігер көмегінге жүгінгендердің саны 2 мыңға жуықтады.

Нурмат Атабековтің мәліметінше, сүт өнімдерінен уланған бүлдіршіндердің денсаулығы жақсарып келеді. Бірде-бір балада ауыр хәлде жатқан жоқ.

"Ең бастысы, барлық балаға көрсетіліп жатқан медициналық көмек мемлекеттің қатаң бақылауында. Ем оң нәтиже беріп жатыр", - деді Нурмат Атабеков.

Құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 адам қамауға алынды. Оның ішінде үшеуі сүт өнімін шығаратын компанияның қызметкері болса, қалғандары балабақшаларға азық-түлік жеткізетін фирмалардың өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget