Өзбекстанда балабақша директоры әдіскердің басынан кесемен ұрған, - деп хабарлайды Nuz.uz.
Басылым мәліметінше, Самарқанд облысы Кушрабад ауданы мектепке дейінгі білім беру мекемесінің директоры мен әдіскері арасындағы жанжал дене жарақатын салумен аяқталған. Директор қарамағындағы қызметкерінің басынан кесемен ұрған.
Самарқанд облысының ІІБ өкілінің айтуынша, 1 шілдеде балабақша директоры Ч.А. мен әдіскер Е.Г. арасында жанжал шыққан. Жанжалдың себебі белгісіз. Директор әдіскерді кесемен ұрған.
2 шілдеде Кушрабад ауданы ІІБ тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 109-бабы 2-бөлігі (Қасақана жеңіл дене жарақатын салу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Медициналық сараптамаға сәйкес, жәбірленуші "денсаулығына жеңіл зиян келтіретін дене жарақатын алған".
Басылым мәліметінше, кейінірек Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі білім министрлігінің баспасөз қызметі өкілі осы оқиға бойынша қабылданған шаралар туралы айтқан. Ведомствоның ресми мәлімдемесі бойынша балабақша меңгерушісімен арадағы еңбек шарты бұзылған.