Ақмола облысының білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.
Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісімшарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 миллион теңге аударылды.
Екінші жағдайда Степногорск қаласының мектептерінің бірінде анықталды, тергеудің нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 миллион теңге жалақы ретінде аударған.
Осы деректер бойынша қылмыстық істер Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!