Желіде лимузинде отырған балалардың видеосы тарады. Видеоны Бекарыс Қошқарбай өзінің парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан балалардың балабақша түлектері екенін байқауға болады.
"Балабақшамен қоштасу. Мектеп бітіргенде қалай болады екен?)
Даңғазалыққа балалық шақтан өзіміз үйретеміз ғой..." - деп жазған парақша иесі.
Ал Желі қолданушылар балалардың лимузинде отырғанын ысырапшылдыққа теңеп, түрлі пікір қалдырған.
"Осыны бала бірі білсе, бірі білмейді. Ата-ана өздері бастайтын. Оны бір жағдайы дүркіреп отырған біреу бастайды, жағдайы жоғы "балам қатарынан қалмасын" деп жыртылады байғұс. Біреудің кесірі біреуге тиеді деген осындайдан шығады сосын", "Лимузин? Осы ғана ма шамаларыңның жеткені ата-аналар? Тікұшақпен ұшырмадыңдар ма, болмаса ғарышқа бірақ ұшырып жібермедіңдер ме? Әй, мақтаншақтар-ай", "Ысырапшыллық, дарақылық. Осындай балалар ертең мектепте мұғалімнің айтқанын тыңдамайды, менсінбейді", "Балабақша мен мектеп бітіру. Биыл "Кімдікі күшті?" деген жарыс болып жатыр ма?", "Бұл енді мақтанатын нәрсе емес, ата-аналар тарапынан таза ақымақтық. Заң арқылы тыйым салып, бақылауды күшейту керек. Жылдан жылға шектен шығып бара жатыр", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Меретойға арналған тілектер
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!