Абай облысында кәмелетке толмаған баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлап, өмір бойына сотталған адамның үкімі өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотталған сотталушы Г.мүдделерін қорғау үшін адвокаттың "Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" атты апелляциялық шағымын қарады.
Іс материалдарынан Г. жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны белгілі болды.
Сотта азамат Г. кінәні мойындамады, бірақ оның әрекеттері қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен, жәбірленушінің, оның өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен дәлелденді. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот азамат Г. кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, өмір бойы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Апелляциялық сатымен Г.-ға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Сотталған адам жазасын төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!