Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда Талғар ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікпен (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бұрын сотталған 19 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынған.
Ал 5 желтоқсанда сағат 13:55 шамасында күдікті уақытша ұстау изоляторы камерасында асылып қалған.
Қайтыс болу дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қазір барлық қажет сараптама тағайындалған, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!