“Бала ұрланып жатқаны“ туралы қорқынышты хабарлама: полиция ескерту жасады

Әлеуметтік желілерде тағы бір жалған ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы Полиция департаменті мессенджерлерде тарап жатқан мигранттарға қатысты және бала ұрланып жатқаны туралы ескерту жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

"Полиция департаменті мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөзге сенуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Күдік тудырған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға жүгініңіздер", - деді ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін де Ақмола облысы Полиция  департаменті Көкшетауда "оқушы ұрланғаны" туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!