- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бала тұншығып жатыр":...
"Бала тұншығып жатыр": Павлодар полицейлері баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті
Павлодарда полицейлер баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
29 желтоқсан күні кешке Қамзин көшесінде патрульдік полицейлер Сыздықов Қазбек пен Қамзин Талғатқа ер адам келіп жүгінді.
Көлік жүргізушісі Берік Алпысбаев көлікте уланып, түрі көгере бастаған 2 жасар бала бар екенін түсіндірді. Ол оларды ауруханаға ілесіп баруды өтінді. Полицейлер сигнал беру құрылғыларын қосып, көлікті баласымен бірге облыстық балалар ауруханасына алып барды. Дәрігердің қарауынан кейін баланы реанимацияға алып кетті.
"Біз үшін басты міндет - баланың өмірін сақтап қалу болды. Әр секунд маңызды болды, өйткені бұл уақытта қала көшелерінде адамдар көп болды", – дейді Павлодар қаласы ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы Қазбек Сыздықов.
– Полицейлерге көп рақмет! Жігіттер бізге дер кезінде көмек көрсетті. Қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз, – деп шын жүректен алғысын білдірді Алпысбаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина