- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бала тәрбиесіне жауапсыз...
Бала тәрбиесіне жауапсыз қараған 700 ата-ана құқығынан айырылды
Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев бала тәрбиесіне салғырт қараған 700 ата-ана құқығынан айрылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары жолдаған материалдарды қарау нәтижесінде: 725 адам - ата-ана құқығынан айырылған; 578 - ата-ана құқықтары шектелді, ерекше ұсталатын білім беру ұйымдарына - 21, девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарына - 198 бала орналастырылған.
"Жыл сайын балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылады. Полицияның мәліметіше, 700-ге жуық ата-ана құқығынан айрылды. Отбасылық жағдай ішкі істер органдарының құзыретінен тыс шешілетін әлеуметтік әрі тұрмыстағы мәселелер", - деді спикер ОКҚ- өткен брифингте.
Сұлтанбаевтың сөзінше, мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жолданды.
"Қолайсыз отбасылардағы жағдайды сауықтыру үшін кәмелетке толмағандардың тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша кешенді әлеуметтік көмек көрсету керек. Сондай-ақ олар медициналық-психологиялық қызметтер алуы қажет", - дейді комитет басшысы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина