Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстіккореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
"Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурантқа халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.
Оңтүстік Кореядан депортацияланып, Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!