- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бала сатты деген...
Бала сатты деген күдікке ілінгендер ұсталды
Қырғызстанда бала саудасына қатысы болуы мүмкін күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, шетел азаматтары мен Қырғызстан азаматтарынан тұратын, кәмелетке толмаған балаларды кейін сату мақсатында Қырғызстаннан тыс жерлерге заңсыз асырап алуға және әкетуге маманданған трансұлттық қылмыстық ұйымның қызметі тоқтатылған.
"2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қылмыстық ұйым түрлі айла-шарғы жасау, пара беру және Қырғызстан заңнамасын бұзу арқылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға толық қамқоршылық жасау құқығын алғаны анықталды. 20 қыркүйектегі арнайы тергеу жедел іс-қимылдары мен тінту іс-шаралары нәтижесінде бұл іске қатысы бар адамдар ұсталып, қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық ұйымның басқа мүшелерін және оның заңсыз қызметінен зардап шеккен адамдарды анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова