Сенат дәлізінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова "Білім туралы" заңда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғанын және бұл заңды бұзғаны үшін айыппұл көзделетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің сөзінше, жауапкершілік ата-анаға жүктеледі.
"Білім туралы заңда оқу процесінде ұялы телефон қолдануға болмайтыны жазылған. Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің шеңберінде бұл - 409-бап. Бұл жағдай бірінші рет болып жатса, ескерту жасалады, қайталанған жағдайда айыппұл қарастырылады", - деді ол.
Шенеуніктің айтуынша, ата-аналарға 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. 2025 жылы бұл - 19 660 теңге.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова