- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бала мектепте оқыған...
Бала мектепте оқыған сабақтарды жазда ұмытып қалмас үшін не істеу керек?
Жазғы каникул - оқушылардың тағатсыздана күтетін демалысы. Алайда көптеген ата-ана бала бір жыл бойы оқыған сабақтарын каникулда ұмытып қалады деп уайымдайды. Балаға білімін сақтап қалуға қалай көмектесе аламыз? Бұл сұраққа педагог Анжелика Цимбалару "Styler"-ге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман баласы өткен сабақтарды ұмытып қалмас үшін, каникулға да сабақ жоспарларын құрып тастайтын ата-аналар бар екенін айтты.
"Каникулдар оқушылардың сабақтардан демалуына арналған. Уайымдамаңыздар, жазда оқушы білімін жоғалтпайды", - дейді ол.
Балалар өткен жылы өткен сабақтарын еске түсіру үшін жаңа оқу жылының басында әдейі бірнеше апта қайталау сабақтары болады. Оған қоса, мұғалім қайталау сабақтарын жүйелі, логикалық және бірізді етіп дайындайды.
Сондықтан ата-аналардың міндеті - баланы жазғы каникул кезінде жан-жақты және үйлесімді дамыту.
"Егер ересектер каникулда балаға қоршаған ортаны тануды ұйымдастырса, толыққанды демалтса және сауықтырса, онда бала жаңа оқу жылының алғашқы екі аптасында өткен жылдағы сабақ материалын есінде жылдам қалпына келтіреді", - дейді педагог.
Маман бала мектепте алған білімі мен дағдысын ұмытып қалмас үшін не істеу керегін айтты:
Біріншіден, оны оқу жылында қолға алу керек. Мысалы, есту, көру және жанасу арқылы есте сақтауды дамыту. Ұазқ мерзімді есте сақтауды дамыту маңызды. Интернетте оған арналған тапсырмалар мен ойындар көп.
Екіншіден, ата-ана өткен тақырыптар бойынша зияткерлік ойындар ұйымдастыра алады.
Оқи отырыңыз: Бірінші сынып оқушысы тап болатын 5 жағдай
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова