Астанада баланы өлтіргендер 23 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Былтыр бала күтуші мен бірге тұратын көңілдесі балаға физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, салдарынан бала қаза тапқан.
"Осы дерекке қатысты қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел тергеу тобы құрылды. Сотта мемлекеттік айыптаушы айтылған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді. Олар 17 және 23 жылға сотталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!