1 қаңтардан бастап аналарға бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері өседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" ҚР заңына сәйкес жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері мынадай мөлшерлерде белгіленген:
1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3692 теңгеден 3932 теңгеге дейін көбейтілді. Соған сай, 2025 жылғы төлем былай белгіленді:
Одан бөлек, босанған анаға берілетін бір реттік жәрдемақы - сүйіншіпұл бар. Биыл бірінші, екінші және үшінші балаға 149 416 теңге (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 247 716 теңге (63 АЕК) сүйіншіпұл төленеді.
Декретке шыққанға дейін жұмыс істеген әйелдер үшін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты есептеледі. Орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтеді. Коэффициент 4,2-ге тең. Кейін шыққан сомадан 10 пайыз зейнетақы жарнасын алып тастайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!