- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бала көзінің жақсы...
Бала көзінің жақсы көруіне оның қай партада отырғаны әсер ете ме?
Ертең алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталады. Сынып жұмыстары мен үй тапсырмаларын орындау оқушының көзіне күш түсіруі мүмкін. Бала көзінің жақсы көруіне оның қай партада отырғаны әсер ете ме? Бұл сұраққа офтальмолог Лидия Садулаева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия"-ға сілтеме жасап.
"Көздің саулығын сақтау үшін бірінші партада отыру керек деген пікір бар екен, бірақ бұл олай емес. Оқушының сыныпта қай жерде отырғаны көз саулығына әсер етпейді, егер патологиялар болса, көзілдірік немесе жанаспалы линзалар көруді түзетуі керек. Үйде бала үй тапсырмасын жайлы жағдайда орындау үшін арнайы бөлінген орынды жабдықтау ұсынылады. Ол жерге жарық жақсы түсу керек және сырт көрініске алаңдай алатын мүмкіндік болуы керек. Сол үшін үстелді терезенің жанына қойған дұрыс. Оңқай бала үшін жарық көзі сол жақтан, ал солақай балаға жарық оң жақтан түсуі керек", - деді ол.
Маманның айтуынша, компьютерді көзден 60 см қашықтықта орнату керек.
"Кітап пен көз арасындағы қашықтық 30-40 см болуы керек. Сабақты орындау кезінде әр 20-30 минут сайын үзіліс болу керек. Үзіліс кезінде терезеге қарап, жақын жердегі, содан кейін ең алыс жердегі затқа қарау арқылы жаттығу жасау керек. Осы жаттығуды алты рет қайталау ұсынылады", - деді Садулаева.
Дәрігердің айтуынша, алыстан көрмеушілік балада кез келген жаста дамуы мүмкін. Мектеп оқушыларында ауру оқу кезінде және қосымша сабақтарда жүктеменің жоғарылауына байланысты пайда болуы мүмкін деп атап өтті ол.
Алыстан көрмеушіліктің пайда болуының әртүрлі себептері бар:
- тұқым қуалаушылық;
- жоғары жүктеме;
- бас миының жарақаттары;
- дәрумендер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі;
- гаджеттермен жұмыс істеу ережелерін сақтамау.
"Балаға демалу керек екенін есте ұстаған жөн. Ол серуендеп, достарымен уақыт өткізуі керек. Белсенді спорт түрлері бүкіл денеге, соның ішінде көру қабілетіне жағымды әсер етеді. Алыстан көрмеушілік және басқа ауруларды анықтау үшін мамандарға жүйелі түрде қаралып тұру керек", - деді сарапшы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова