- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бала көтертпейтін дәрілерді...
Бала көтертпейтін дәрілерді ұзақ уақыт бойы ішу зиян ба? Дәрігер жауап берді
Бала көтертпейтін дәрі-дәрмектерге басқа да препараттарға секілді қарсы көрсетілім бар. Қарсы көрсетілімдерді елемеу денсаулыққа байланысты жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Бұл жайлы "Известия"-ға гинеколог Елена Ермолаева айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Дұрыс таңдалған және дәрігер бақылауымен ішілетін бала көтертпейтін дәрі-дәрмектер қауіпсіз. Оған қоса, заманауи ішке қабылдайтын контрацептивтер етеккір алдындағы синдром, дисменорея, гиперандрогения, онкопатология, климакс өзгерістерін емдеуде және алдын-алуда контрацептивті емес әсерлердің кең спектріне ие. Ішке қабылдайтын контрацептивтер әйелдердің репродуктивті денсаулығына жағымды әсер етеді және өмір сапасын айтарлықтай жақсартады", - дейді Елена Ермолаева.
Алайда оған басқа да дәрі-дәрмектерге секілді қарсы көрсетілімдер бар. Сондықтан әр әйелге қолайлы препарат таңдау маңызды. Бұл кезде көптеген факторлар ескеріледі: жасы, өмір салты, физиологиялық ерекшеліктері және созылмалы аурулары.
"Мүмкін қосымша әсерлерге бас ауыруын, жүрек айну, іштің ауыруы, іштің кебуі, сүт бездерінің ауыруы немесе жағымсыздық сезуі, етеккір келмейтін кезде қан жұғу, либидоның төмендеуі жатады. Темекі тарту фонында қан ұйып қалуының, дислипидемия, семіздік, жүрек ырғағының бұзылысы, артериялық гипертензия, қант диабеті және т.б проблемалардың пайда болу қаупі бар", - деп ескертті дәрігер.
Оның айтуынша, бала көтертпейтін дәрілерді ішудің түрлі әдісі бар. Оны ішу ұзақтығы нақты препарат түріне және клиникалық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Әдетте, бала көтертпейтін дәріні дұрыс таңдаған болса, оны үзіліссіз ұзақ уақыт бойы ішуге болады.
"Кез келген қосымша әсерді байқаған бойда, мысалы, етеккір келмей жатып қан жұқса, ішіңіздің асты ауырса, бас ауырса, аяғыңыз ісініп кетсе, аяғыңыз ауырса, сүт бездерінде қатайған бірдеңе сезсеңіз немесе ол ауырса, салмақ қосып алсаңыз, безеулер пайда болса және т.б жағдайда дәрігерге, соның ішінде акушер-гинекологқа қаралу маңызды", - дейді Елена Ермолаева.
Сондай-ақ ол дәрігер бала көтертпейтін дәрі жазып бермес бұрын клиникалық қан анализін, биохимиялық қан анализін, қанның ұйығыштығын тексеретін тесттер, жыныстық гормондарын тексеретін анализ және басқа да зерттеулер тағайындау мүмкін екенін айтты.
"Бұл препаратты ішудің қолайлы әдісін және мүмкін қарсы көрсетілімдерді анықтау үшін қажет. Өздігінен бала көтертпейтін дәрі сатып алуға болмайды", - деп қорытындылады дәрігер.
Оқи отырыңыз: Етеккір кідіруінің жиі кездесетін 9 себебі
А. Жапатова