“Бала емізіп отырғанымды түсірме“. Балжан Бидаш Шымкентте не істеп жүр?

Танымал әнші Балжан Бидаш Шымкент қаласына барып, ерекше контент жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Hi, Шырайлы Шымкент! Не үшін келді деп ойлайсыздар? Жалпы, әртістер Шымкентке көбіне не үшін келеді? Арзан кәуап жеу үшін бе? Кішігірім күлдіртті. Әрине, Шымкент деген осы кәуап үшін келетін қала ғой", - деп жазды ол.

Кейінірек оның тойға келгені белгілі болды. 

"Менің бала емізіп жатқанымды түсірмей-ақ қой. Қой, түсіріп жатырсың ба не?", - деп әзілдеді көлікте бала ұстап отырған видеосын жариялаған Балжан Бидаш. 

Ал Шымкенттегі тойда даяшы сорпа кеселерін әншінің алдына жинап қойып, төгіп алыпты. 

"Тойда 400 қонақ болды, соның 300-імен суретке түстім", - деп те мақтанып үлгерді танымал әнші. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!