Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде "бала боқтаса ата-анасы айыппұл төлейді" деген ақпарат тарап жатыр. Тіпті айыппұлдың мөлшері де көрсетілген, яғни 58 980 теңге. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, балағат сөз қолданған балаларрдың ата-анасына айыппұл қарастырылған. Алайда айыппұл мөлшері баланың жасына байланысты: 7 АЕК пен 15 АЕК арасында белгіленеді.
Қазақстанда балағат сөз айту, былапыт сөйлеу және т.б. істер – әкімшілік кодекстің 434-ші "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қарастырылады. Ал 435-бапта 14-16 жас арасындағы балалар ұсақ бұзақылық, соның ішінде біреуді боқтаса – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 7 АЕК айыппұл салынады. Ал 16-18 жас аралығындағы балалар заң бойынша өздері жауап береді, егер төлейтін мүмкіндігі болмаса әкімшілік кодекстің 66-бабы бойынша, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 10 АЕК айыппұл салынады.
Заңгер әрі адам құқығы бойынша халықаралық кеңесші Халида Әжіғұлованың айтуынша, ата-аналардан заңды біліп, заңды бұзбай, заңға бағынатын азамат болуды талап етіп қана қоймай, бұл білімін балаларына да беруді талап ететін маңызды бап дейді.
"Бұл бап азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және көтеруге бағытталған. Соған орай, ӘҚБтК-те 127-бап бар, ол бойынша, ата-ана баласын заңды құрметтеуге тәрбиелемесе, бала құқықтық немесе түрлі әкімшілік құқық бұзушылыққа барса, ата-анаға не 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл не 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жасазы қарастырылған", - дейді заңгер, адам құқығы бойынша халықаралық кеңесші Халида Әжіғұлова.
ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңының 70-бабында ата-ананың баланы тәрбиелеу және оған білім беру міндеттері тайға таңба басқандай етіп жазылған.
- Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
- Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
- Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету, заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыру үшін жауаптылықта болады.
- Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек