Желіде Алматыдағы ықшамауданның бірінде маньяк жүргені туралы ақпарат тарады. Қалалық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде "Жұлдыз-1" ықшамауданында маньяк жүргені туралы және ол бір әйелді өлтіріп, бір баланы ұрлап кеткені туралы хабар тараған.
Алматы қалалық Полиция департаменті әйелге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктіні ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайлары анықталып жатыр.
"Сонымен қатар, балаларды "аңдып жүрген маньяк" туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қаласының полициясы жалған ақпарат таратпауды талап етеді. Бұл әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - дейді ПД өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз