Индонезияның 61 жастағы тұрғыны 88-рет үйленді. Ол бұрын ажырасып кеткен әйелімен қайта бас қосты, - деп хабарлайды NDTV.
Көп үйленетін болғандықтан ер адамды халық "Playboy патша" деп атап кеткен. Оның өзі қанша рет үйленсе де, өз бақытын құруға тырысып жүргенін айтады.
Оған бұрынғы әйеліне үйлену қиын емес. Бұл әйелімен ол бұрын 86-тойында үйленген. Бірақ екеуі бір ай ғана бірге өмір сүріпті. Индонезиялықтың айтуынша, жылдар бойы олардың сезімі басылмаған.
Ер адам алғаш рет 14 жасында үйленген, сол кезде әйелі екі жас үлкен болыпты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!