Танымал әнші Тамара Асар ұлы Қамбарға әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі тұңғышына арнаған әсерлі жазбасында ұлын туған күнімен құттықтады. Ол ұлының өмірлік серігін тауып, отау құрғанын қалайтынын айтты.
"Жап-жарық болып жарқыраған жүрегім! Ақ Қамбар,Ақтаңдар туған күнің құтты болсын! Маңдайың жарқырап, бағың өрлей берсін! Сен менің бақытымның бастауысың! Шүкірімнің шүкірісің, пікірісің! Ақылшымсың! Рахмет жарығым! Жігіт деген жалауыңды биік ұста! Біз саған сенеміз! Мықты денсаулық, адалдық, қанағат, мақсат, ақыл, әрекет, еңбек, сабырлы ой. Несібесі мол өмір тілейміз өзіңе! Адал сүт емген, мінезі көркем, салмақты, сөз түсінетін, өзіңді қатты сүйетін адал жар тілейміз саған! Сенің тойыңды қызықтауды жазсын", - деп жазды әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!