Әнші, актриса Ақбота Нұр ақ көйлек киіп, желіге сурет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаз өзінің Instagram парақшасына сурет жүктеп, жазба жариялады.
"Әлемдегі ең нәзік дүниені сұрасаңыз, әйел затының махаббаты дер едім. Әйел - бағалағанның басына қонған бағы. Қыз баласы шыр етіп дүниеге келген отбасын, есейгенде сыңарын, барған жерін шаттыққа бөлейді. Осыған қарап-ақ қыздың бұл өмірдегі орны тек қуаныш, махаббат сезіндіру екенін түсіну қиын емес. Дегенмен, бір нәрсені ескерген артық болмас. Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тау қопарады. Тырсылдап аққан жұмсақ тамшы да тас теседі. Оның нәзік қасиетін сақтауға дем берейік, жұмсақ жаны қатаймасын", - деп жазды Ақбота НҰР.
Жазба жариялаған өнер иесі өзінің тұрмысқа шығатыны туралы айтпады, дегенмен желі қолданушылары актрисаның бұл суретін талқыға салған. Тіпті Ақбота Сейтмағамбеттің оқырмандары арасында оны тұрмысқа шыққалы жатыр деп болжағандар да бар.
"Тұрмысқа шыққалы жатыр ма?", "Сұлулықтың символы", "Бақытты ететін азамат жолықсын", "Кімнің бақыты болдыңыз?","Бақытты бол", "Кім екен", - деп жазды олар.
Тағы да оқи отырыңыз: Қанша жаста үйленген дұрыс?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!