Әлеуметтік желіде әжесіне Мұқағали Мақатаевтың "Шеше, сен бақыттысың" өлеңін оқыған блогердің видеосы көпшілік талқысына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны @armaki_ есімді қолданушы әлеуметтік желіге жүктеген. Өлеңді бар даусымен айқайлап, жоғары тонмен оқыған қыздың бұл қылығы біреулердің наразылығын тудырса, басқаларды күлдіртті.
@armaki_ ????? #шешесенбақыттысың ♬ оригинальный звук - Бек Баратбек
Бұл кадр TikTok желісінде 356 мыңнан аса қаралым мен 500-ге жуық пікір жинаған.
"Әже қорыққаннан жылады", "Мұқағали атамыз өлеңді шығарғанына өкініп қалған шығар", "Үлкен кісіге сонша айқайлағаны несі", "Шошыттың ғой", "Сен қыз бір күні әжеңнің жүрегін жарып өлтіресің", "Осыдан кейін әже бақытты емеспін деп айтуға қорқып қалған шығар", - деп пікір қалдырған Желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін інісін жарысқа дайындаған баланың видеосы тарап, көпшілікті тәнті еткенін жазған болатынбыз.