- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытты болу үшін...
Бақытты болу үшін мына әдеттерден арылыңыз
Өзіңізді бақытты сезіну көбіне әрекеттеріңізге, ойлауыңызға және әдеттеріңізге байланысты. Massaget.kz өзіңізді бақытты және сенімді сезіну үшін қандай әдеттерден арылу керегін ұсынады.
Басқалардың қажеттілігін өзіңіздікінен артық қою
Кей адамдар басқалардың қажеттіліктерін өзінікінен жоғары қояды. Бұл әдетіңіздің өзіңізге зияны тиюі мүмкін. Бұл өзімшілдікке жатпайды, осылайша сіз өзіңізді және өз қажеттіліктеріңізді ойлайсыз. Кейде жағдайға қарай басқаның өтінішіне "жоқ" деп айту сізді жаман адам етпейді. Бұл сіздің өз шекарасын білетін және өзін құрметтейтін адам екеніңізді білдіреді.
Өзіңізді басқалармен салыстыру
Адам әлеуметтік желілерде отырған кезде оған басқалардың өмірі өзінікінен жақсы секілді көрінуі мүмкін. Алайда адамдар интернетке жиі өміріндегі ең керемет сәттерді ғана салады. Өзіңізді басқалармен салыстырсаңыз, өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Әрбір адамның өз өмірлік жолы, жетістіктері мен қиындықтары бар. Өзіңізді басқалармен салыстырғанша өзіңіздің кішкентай болсын жеңістеріңізге қуана біліңіз.
Ұйқы режимін сақтамау
Ересектер тәулігіне 7-9 сағат ұйықтауы керек. Алайда көп адам оны сақтамайды. Ұйқы жетіспесе, өзіңізді шаршаңқы сезініп қана қоймай, сондай-ақ көңіл күйіңіз түседі, энергияңыз азаяды және жалпы денсаулығыңыз нашарлайды. Адам өзін шаршаңқы сезінсе, күйзеліспен күресе алмайды. Егер шынымен де бақытты әрі сау болғыңыз келсе, ұйқыға аса мән беріңіз.
Ренішті іште сақтап жүру
Кешіру – бұл реніштерден босап шығу. Сіздің көңіліңізді қалдырған немесе ренжіткен адамды кешіру арқылы өзіңізді жағымсыз сезімдерден арылтасыз. Ішіңізде ренішті сақтап жүру сізге ары қарай жылжуға және бақытты болуға кедергі келтіреді.
Хоббиге уақыт бөлмеу
Адамдар жиі жұмысқа беріліп кетеді де, өзі жайлы ұмытады. Өмір – тек жұмыс пен міндеттер емес. Ол сондай-ақ қуаныштан, құштарлықтан тұрады. Сүйікті ісіңізге уақыт бөлу сізді бақытты ететінін ұмытпаңыз.
Оқи отырыңыз: Сізге шын ғашық болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе
А. Жапатова